Павлодарлық шаруаларға таза өнім алу әдісі үйретілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық шаруаларға таза өнім алу әдісі үйретілді

16.07.2024

Павлодарлық шаруалар топырақты пестицидтерден тазартудың жаңа технологиясын үйреніп жатыр. Қазір еліміздің егін алқаптарында химиялық препарадтардың 1100-ден астам түрі қолданылады. Ал әр жыл сайын 15-20 түрі қосылып отырады. Ең қауіптісі білім әрі тәжірибе жетіспегендіктен фермерлер пестицидтерді дұрыс пайдалана алмай жатады. Салдарынан химиялық дәрілер алынған өнім арқылы адам денсаулығына кері әсер етеді. Бұл ретте БҰҰ-ың мамандары егіншілікпен айналысатын шаруаларға тегін тренинг өткізді. Ғалымдардың айтуынша, химиялық препарадтарды қолдануды 60 пайызға дейін азайтуға болады. Тіпті, тыңайтқыштардан мүлдем бас тартуға мүмкіндік бар. Бұл экономикалық тұрғыдан 80 пайызға тиімді.

Ержан Боржігітов, шаруа қожалығының басшысы:

Бізді оқытып отыр. Оқулар болып отыр. Кәсіпкерлер бәрі қолдаймыз осыны. Биоға ауыстыру керек. Таза өнім алу үшін.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу