Алматыдағы автобус апаты: Екі жолаушының жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы автобус апаты: Екі жолаушының жағдайы ауыр

16.07.2024

Алматыда тағы да автобус апатқа ұшырады. Бұл жолы Наурызбай ауданындағы Әшімов көшесінің бойымен келе жатқан жүк көлігі аялдамаға тоқтаған № 137-ші бағыттың автобусын соққан. Дәл сол сәтте  автобус жүргізушісі жолаушыларды түсіру үшін есікті ашып үлгермеген. Қатты соққы салдарынан қоғамдық көлік жол шетіне шығып, жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған.

Нұрәмір Әбдіғаппаров, куәгер:

Дүрсілдеген дауыс шыққан соң мен үйден тез шықтым да қарадым. Айналада жараланған адамдар, полиция қызметкерлері және автобус тұрған. Жерде жатқан бір адам болған, қалғандары сау болған. 

Апаттан кейін 9 адам шұғыл №7 қалалық ауруханаға жеткізілген. Медициналық тексерістен соң көбі үйлеріне қайтқан. Ал екі жолаушының халі ауыр, - дейді дәрігерлер. Қазір полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр, әзірге қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу