Шымкентте санитарлық шектеу енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте санитарлық шектеу енгізілді

16.07.2024

Шымкентте санитарлық шектеу енгізілді. Себебі мегаполистің екі аумағында ірі қара мен уақ малдан бруцеллез анықталды. Енді шаһардағы Қайнарбұлақ саяжайы және Тельман бөлімшесі аумағында індеттің таралуы тоқтағанша сырттан мал әкелуге және шығаруға қатаң тыйым салынады. Бруцеллез анықталған аумақтар залалсыздандырылып жатыр.

Ерлан Әденов, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

Аталған шектеу барысында осы аумақтағы барлық тіркелген ауыл шаруашылық жануарларына қайтадан диагностикалық тексерулер жүргізіледі. Егер осы диагностикалық тексерулер нәтижесінде ешқандай бруцеллезге оң нәтиже көрсетпеген жағдайда бұл шектеу іс-шаралары алып тасталады. 

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу