Оралда базарда газ баллоны жарылғаннан зардап шеккен бала травматология бөлімінде әлі ем алып жатыр. Бір ай бұрын болған оқыс оқиғадан кейін облыстық балалар ауруханасына 17 және 15 жастағы екі жасөспірім түскен еді. Денесінің 75 %-ын күйік шалған 17 жастағы ер балаға тағы операция жасалды. Ал екіншісі ауруханадан шықты.
Сондай-ақ жарылыс пен өрттен зардап шеккен 7 ересек адам қалалық ауруханада қажетті ем-дом алып, үйлеріне жіберілді. Денесінің 91 %-ын күйік шалған ер адам да аман қалды. Оқиға Құрбан айт күні «Ел ырысы» базарының аумағында қойдың басын үйітуге арналған жерде болған еді. Газ баллоны жарылып, өрт тұтанды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Арман Даупаев, облыстық көпбейінді балалар ауруханасынының дәрігері:
2009 жылғы пациент біздің бөлімнен амбулаториялық емделуге шығарылды. Ал 2007 жылғы пациентке екі-үш жұмадан кейін аутодермопластика операциясы өткізілді. Қазіргі кезде біздің бөлімде ем алып жатыр. Екі аптадан кейін шығарамыз. Жағдайы орташа.
Ардақ Мұратқызы