Шегірткемен күреске 8,1 млрд теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шегірткемен күреске 8,1 млрд теңге бөлінеді

16.07.2024

Шегірткемен күреске биыл 8,1 млрд теңге бөлінеді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша оның 4,2 млрд-ы республикалық бюджеттен, 3,9 млрд теңге Үкімет резервінен қарастырылған. Жалпы соңғы 5 жылда шегірткемен күреске бөлінетін қаржы көлемі 15 есе өсті. Себебі зиянкестердің таралу аумағы жылдан жылға артып келеді. 2020 жылы жарты млн гектар аумақты жайласа, биыл 2,5 млн гектар жерге таралған.

Қазір соның 2,4 млн гектары тазартылды. Тек Ақтөбе, Қостанай облыстарында нөсер жауын жауып, қатты жел соғуына байланысты улау жұмыстары кейінге шегерілген.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу