«Банкрот» деп танылғандар үш жыл бақылауда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Банкрот» деп танылғандар үш жыл бақылауда болады

16.07.2024

«Банкрот» деп танылған азаматтар үш жыл бойы Мемлекеттік кірістер департаментінің бақылауында болады. Тиісті құжат «Ашық» порталында жарияланды. Оған сәйкес несие қарызы кешірілген адамның банктегі жеке деректері мен мемлекеттік және сот органдарындағы мәліметтер базасына ұдайы мониторинг жүргізеледі. Оған Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардағы бөлімшелері жауапты. Соңғы мәлімет бойынша елімізде 13 мыңнан астам адам банкрот деп танылған.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу