Біржолғы зейнетақы төлемдерінің депозитте сақталу мерзімі 6 жылға дейін ұзарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің депозитте сақталу мерзімі 6 жылға дейін ұзарды

16.07.2024

Тұрғын үй сатып алу мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдерінің депозитте сақталу мерзімі ұзарды. Бұрын  «Отбасы банк» депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жыл болса, енді 6 жылға дейінгі уақытта пайдалануға болады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері хабарлады. Бұдан бөлек депозитті ерлі-зайыптыларға немесе жақын туыстарына беру де көзделген. Бірақ үшінші тұлғаларға берілмейді. Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң күшіне енеді.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу