Сарапшы пікірі: Энергия тапшы уақытта ешкімге тәуелді болмау өте маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы пікірі: Энергия тапшы уақытта ешкімге тәуелді болмау өте маңызды

16.07.2024

Энергия тапшы уақытта ешкімге тәуелді болмау өте маңызды. Бұл Қазақстанның азаматтық альянсының президені Бану Нұрғазиеваның пікірі.

Бану Нұрғазиева Қазақстанның азаматтық альянсының президенті:

Қазақстанның әлеуеті толық жетеді. Атом электр станциясының отыны ол -  уран. Біз жер бетіндегі уран бойынша ең бірінші орында тұрмыз. Енді ешкімнен сатып алмай, өзіміздің отынымызды пайдаланамыз. Атом электр қуаты таза технологияға жатады. Сондықтан оны қауіпті деу бос сөз. АЭС-ы қазір жер бетінде көбейіп жатыр. 32 мемлекетте жұмыс істеп, 500-ден астам реакторлар тұр.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу