Экономист: Мерзімді ұзарту депозиттегі бағалау көрсеткішіне оң әсер етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономист: Мерзімді ұзарту депозиттегі бағалау көрсеткішіне оң әсер етеді

17.07.2024

Тұрғын үй сатып алу мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдерінің депозитте сақталу мерзімі ұзарғаннан кейін баспаналы болуға ынталы азаматтардың да саны арта түседі. Ал сұраныс артқан сайын нарықтағы баға да біршама өседі. Отандық сарапшылардың пікірі осындай. Сондай-ақ бұрын депозиттен туысына қаражат аудара алмайтын болса, енді ақшаны ерлі-зайыптыларға немесе жақын туыстарына беру де, салымшының бастапқы жарнаны тездетіп жинауына мүмкіндік бермек. Бұл да «Отбасы банкі» арқылы ипотека рәсімдейтіндердің қатарын арттырады деген сөз. Бұл шешім депозиттегі бағалау көрсеткішіне де оң әсер етеді. Айта кетейік зейнетақы қорындағы шекті сомадан асқан қаражатты осы уақытқа дейін 237 мыңнан астам салымшы депозитке аударған екен. Шоттағы ақшаны пайдалану мерзімі биыл желтоқсанда аяқталуы тиіс еді, енді оны азаматтар тағы 3 жылға создыра алады.
Мақсат Халық, экономист:
Зейнетақы қорына қайтып кетіп қалатын болса, онда «Отбасы банкте» жинап жатқан ОП - сы деп айтады ғой, өзінің жинайтын коэффициенттері, балдары онда ол төмендеп кетеді. Қайтадан зейнетақы қорынан аударса жаңадан ғана салынған сома болады да, балдық жүйелері нөлден бастап жинақталады деген сияқты. Сондықтан алғашқы жарнасын жинап үлгермеген азаматтар үшін оның 5 - 6 жылға созылғаны тиімді деп айтуға негіз бар.

Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу