Соңғы айда елімізде жаңа көлік сатылымы күрт өсті. Қазақстан автокөлік одағы осындай статистика жариялады. Қазақстандықтар 16 700-ге жуық су жаңа көлікті автосалоннан шығарыпты. Өсім 1 айдың ішінде 30 пайызға жеткен. Ал жыл басынан бері 83 мыңнан астам көлік сатылыпты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен деңгейлес көрсеткіш. Дегенмен мамандар жыл соңына дейін су жаңа көлік мінгендер былтырға қарағанда едәуір көп болды деп есептеп отыр.
Оңғар Алпысбайұлы