Елімізде жарты жылда 10 мыңнан астам компания жұмысын тоқтатқан. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп. Жабылған фирмалардың 22-сі ірі, 15-і орта кәсіпорын. Қалған 10 мыңы шағын бизнес. Олардың басым бөлігі сауда, құрылыс шығармашылық пен өңдеу өнеркәсібі салаларында қызмет көрсеткен. Айта кетерлігі кәсібін тоқтатқан бизнесмендердің жұмысшылары алдында берешегі де бар.
Досжан Маратұлы