Жеке тұлғалардың банктегі жинағы жоғары қарқынмен көбейіп келеді. Қазір депозит көлемі 20 триллион теңгеге таяп қалды. Өткен айдың өзінде ғана 3,6 пайызға артып, 800 миллиард теңгеге көбейген. Салымның 80 пайызы 21 банктің 5-еуінде ғана сақталған. Сарапшылар депозит көлемінің артуына базалық мөлшерлеменің жоғары болуы әсер еткен дейді. Әрі халықтың банктерге деген сенімі нығая түскен.
Досжан Маратұлы