Астанада жауын салдарынан бірнеше көшені су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жауын салдарынан бірнеше көшені су басты

18.07.2024

Астанада да кеше кешкісін жауын құйды. Осының салдарынан бірнеше көше суға толды. Мына кадрларды тұрғындар түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған. Жаяу жүргіншілер су кешіп жүруге мәжбүр болды. Көліктердің де қозғалысы қиындап, кептеліс пайда болды. Желі қолданушылары автобустар жолаушыларды көлкіген судың үстіне қалдырып жатқанын жазды. Қолайсыз ауа райынан такси бағасы екі есе өсіп кеткеніне де наразылықтарын білдірді. 

Торғын Мелісқызы

Хабарламаларға жазылу