Енді елде қатерлі ісікті ерте анықтауға болады. Елордада геномдық зертхана ашылды. Лаборатория онкологиялық ауру белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұған дейін шетелден жеткізіліп келген диогностикалық тест жүйесі енді осы орталықта жасалады. Жоба шетелдің Beijing Genomics Institute компаниясымен бірлесіп қолға алынған.
Ерғали Әбдірайымов, «Qazbiopharm» ұлттық холдингі» АҚ бас директоры:
Қазақстанда мұндай болған жоқ. Бірінші рет ашылып отыр. Мұндай заманауи қондырғы алғаш рет, бір қондырғының саны 1 млн доллар. Соның аясында біз зерттеулердің санын көбейтетін боламыз. Қатерлі ісікке шығаратын, диогностикалық тест жүйелерін Қазақстанда өндіретін боламыз. Бұл екінші этап болады. Отанымыз үшін бұл өте қажет. Себебі оны біз шетелден әкеп жатырмыз қазір.
Аида Ахметбек