Азық-түлік бағасын негізсіз өсірген ірі сауда желілеріне айыппұл салынды. Сауда және интеграция министрлігі мәліметінше жыл басынан бері дәл осындай 2 357 іс тіркелген. Оның 381-і 17 млн теңгеден астам айыппұл төледі. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың арасында Алматыдағы SMALL және METRO ірі сауда желілері мен Esentai Gourmet премиум-класты гастрономы бар. Олар да бағаны негізсіз көтерген.
Айя Мүтәлі