Бангладеште тәртіпсіздіктер кезінде тағы 19 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладеште тәртіпсіздіктер кезінде тағы 19 адам қаза тапты

19.07.2024

Бангладеште студенттер шеруі кезінде тағы 19 адам қаза тапты. Қарсылық акциялары бүкіл елде өтіп жатыр. Сейсенбі күні 6 тұрғынның мерт болғаны хабарланған еді. Тәртіпсіздіктердің басталуына биліктің мемлекеттік қызметке азаматтарды квотамен ғана қабылдау шешімі себеп болған. Бұл заңның қарсыластары мен жақтастары бірнеше күннен бері шерулетіп, оның соңы үлкен қақтығыстарға ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, ел аумағында мектептер мен университеттер жабылған. Және де бес негізгі қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тәртіпті қадағалауға жауынгерлер жіберіліп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу