Биыл алғаш рет халықтың репродуктивті денсаулығын қорғауға арналған апталық өтті. Оған Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдау білдірді. Шара барысында денсаулық орталықтарында ашық есік күндері, жастар мен жасөспірімдер сондай-ақ ата-аналар үшін тегін медициналық тексерулер мен консультациялар өткізілді. Апталықтың қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия сарапшылары халықтың репродуктивті денсаулығын нығайту бойынша ұсыныстар кешенін енгізді.