Жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды

19.07.2024

Металлург күні қарсаңында, отандық металлургия саласында жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Арнайы Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды. 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды. 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды. Сонымен қатар 7 маман Президенттің Құрмет грамотасын иеленді.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу