Қордай ауданында тасқыннан зардап шеккен ауылдарға жарық пен газ берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қордай ауданында тасқыннан зардап шеккен ауылдарға жарық пен газ берілді

19.07.2024

Қордай ауданында дүлей дауылдан кейінгі қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Беріктас ауылындағы барлық 219 абонентке газ берілді. Сондай-ақ Соғанды ауылындағы 70-ке жуық үй қуат көзіне қосылды. Тұрғын үйлердің аулалары қоқыстан тазартылды. Қақпатас өзенінен төнер қауіп жоқ. Арнаның ішіне құлаған ағаштар алынғандықтан су ағысына кедергі келтірмейді. Өткен сәрсенбіде Қордай ауданында толассыз жаңбыр жауып, тасқын жүрді. Арты дүлей дауылға ұласып, 30-ға жуық үй мен қора-қопсының шатыры ұшты. Бірнеше ауылда коммуналдық желілер істен шықты. Қораның қабырғасы құлап, омыртқасы сынған 18 жастағы бозбала ауруханада ем алып жатыр.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу