Бүкіл әлемнің компьютерлік жүйесінде проблема туындап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүкіл әлемнің компьютерлік жүйесінде проблема туындап отыр

19.07.2024

Бүкіл әлемде компьютерлер істен шығып жатқаны туралы хабар түсіп жатыр. Әсіресе, банктердің, әуе компанияларының, бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық жүйесінде проблема туындап отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, осының салдарынан Еуропа елдерінде, АҚШ-та, Біріккен Араб Әмірліктерінде тағы басқа елдерде талай әуе рейсі доғарылып, мыңдаған жолаушы сапарға аттана алмады. Ал аспанға көтеріліп үлгерген ұшақтар дереу қондырылып жатыр.

Ақпараттық жүйеде неліктен ақау пайда болғаны белгісіз. Қазір оның себебі анықталып жатыр. Жаһандық ақау біздегі Астана, Алматы әуежайларының жұмысына кедергі келтірмеген. Мұны баспасөз қызмтеттері мәлемдеді. Штаттық режимде жұмыс істеп тұр деді. 

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу