Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысының металлургтеріне Президент атынан марапаттар табыс етті. «Құрмет» орденімен «Қазцинк» бас директоры Жанат Жанботин, III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен – шебер Алексей Мордовин, слесарь-жөндеуші Михаил Мещеряков, «Ерен еңбегі үшін» медалімен – катодшы Айдарбек Жақыпов марапатталды. Тау-кен металлургия кешені қазіргі уақытта 195 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр, бұл – Қазақстанның бүкіл өнеркәсібіндегі жұмысшылар санының шамамен үштен бірі. Қазір өңірде металлургия саласының үлесі 62%-ға жеткен. Өндірістің жалпы көлемінің басым бөлігін өңдеу өнеркәсібі алады.
Қадырбек Абайделдінов, технолог:
1995 жылдан бастап осы комбинатқа келіп содан бері міне осы салада жұмыс істеп жүрміз. 29 жыл болды. Әрине қуаныштымын. Мереке бәрімізге құтты болсын. Алдымен өз әріптестерімді құттықтағым келеді.
Асылбек Данияр