Бүкіл әлемнің компьютерлік жүйесінде проблема туындап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүкіл әлемнің компьютерлік жүйесінде проблема туындап отыр

19.07.2024

Бүгін әлемнің түкпір-түкпірінде бір уақытта компьютерлер істен шықты. Әсіресе банктер, әуе компаниялары мен бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық жүйесінде проблема туындады. Салдарынан Еуропа елдері, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері мен тағы басқа елдерде біраз әуе рейсі доғарылып, мыңдаған жолаушы сапарға аттана алмады. Ал, аспанға көтеріліп үлгерген ұшақтар қайта қонуға мәжбүр болды. Ақпараттық жүйедегі ақау неліктен пайда болғаны белгісіз.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу