Ақмола облысында 4 жасар бала терезеден құлап, ауруханаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 4 жасар бала терезеден құлап, ауруханаға түсті

20.07.2024

Ақмола облысындағы көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатынан төрт жастағы бала құлап кетті. Оқыс жағдай Қосшы қаласында болған. Түрлі жарақат алған ұл бала ауруханаға жатқызылды. Жаз басталысымен мұндай оқыс жайттар жиілейді. Төтенше жағдай мамандары ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Терезеге қойылған торкөздің де қауіптен қорғамайтынын тағы еске салады. Айта кетейік, жыл басталғалы терезеден құлаған бала саны 100-ден асып кеткен.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу