Мүгедектігі бар қазақстандықтарды жұмысқа орналастыру жобасын жүзеге асыруға 20 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Жобаны «Қорған-М» қоғамдық бірлестігі пилоттық негізде үш өңірде Түркістан, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында іске асырады. Шағын гранттар конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Жобалық өтінім Мүгедектерді кәсіпкерлік қызмет бойынша оқыту, менторлық және бизнес-коучинг, кедергісіз орта құру, цифрлық сауаттылықты арттыру бағытында болу керек.
Динара Жарқынбек