Бүгін - халықаралық шахмат күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - халықаралық шахмат күні

20.07.2024

Бүгін елімізде бір уақытта 2 мыңнан астам адам шахмат ойнады. KazChessFest ауқымды шахмат турнирі ФИДЕ-нің 100 жылдығына арналып, Қазақстанның барлық қаласында ұйымдастырылды. Халықаралық шахмат күніне орай әлемнің 109 мемлекетінде тақырыптық іс-шаралар, жарыстар және бір мезгілде ойын сеанстары өтті. 100 жылдық мерейтойға орай ФИДЕ 24 сағат ішінде ойналған шахмат ойындарының ең көп саны бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздеп отыр. Алматыда өткен турнирдің жүлде қоры 2 миллион теңге. Қаржы әр аталым бойынша жеңімпаздарға берілді.

Гүлмира Бекзатқызы, Қазақстан Шахмат федерациясының атқарушы директоры:

Биыл Қазақстан Шахмат федерациясы үлкен халықаралық шахмат федерациясына рекорд Гиннеса орнату үшін қолдау көрсетіп жатыр. Үлкен мейрам болғандықтан, жас шектеуі жоқ. Бүлдіршіндер 5-6 жастан бастап 91 жастағы қариямыз да ойнап жатыр.

Даниял Қабылбек, шахматшы:

Шахмат - өте қызықты, интеллектуалды ойын.+00:51 Апта сайын әрбір турнирге баруға талпынамын, өйткені, турнирлер өте мықты адамдарды жинайды. Гиннес кітабына рекорд қояйын деп жатырмыз.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу