Зауыттағы апат: Жұмысшылардың жағдайы әлі де ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зауыттағы апат: Жұмысшылардың жағдайы әлі де ауыр

22.07.2024

Қарағанды облысы ферроқорытпа зауытында болған төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Олар оқиға орнын тексеріп, куәгерлерге сауалнама жүргізген. Ал зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы әлі ауыр. Қосымша медициналық көмек көрсету үшін, Қарағандыға Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының басшысы бастаған бір топ дәрігер барды. Одан бөлек, жұмыс беруші компания Ресейден арнайы мамандар алдырып, Түркия, Израиль дәрігерлерімен онлайн жүйесінде бейне кеңес ұйымдастыруда. 20 шілде күні зауытта төтенше жағдай болып, 8 адам зардап шекті. «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу