Бангладештің Жоғарғы соты мемлекеттік қызметке квотамен қабылдау туралы заңның күшін жойды. Енді бұл саладағы бос орындардың 93 пайызы лайықты азаматтарға беріліп, тәуелсіздік үшін соғысқандардың ұрпақтарына бұрынғыдай 30 пайыз емес, 5 пайыз ғана вакансия ұсынылмақ.
Айта кетсек, ескі заңға қарсы шерулер үлкен тәртіпсіздіктерге ұласып, 114 адам қаза тапты. Және де жүздеген тұрғын жараланып, талай ғимарат пен көлік өртелді. Соңғы мәліметке қарағанда, өткен аптада енгізілген комменданттық сағат жеңілдетіліп, кәсіпорындар қайта жұмыс істей бастаған.
Арыстан Рысбек