Шымкентте 36 мың адам автокөлік салығын төлеуден жалтарып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 36 мың адам автокөлік салығын төлеуден жалтарып жүр

22.07.2024

Шымкентте 36 мың адам автокөлік салығын төлеуден жалтарып жүр. Олардың қазынаға берешегі 1,7 миллиард теңгеден асып кеткен. Қарызды өндіру мақсатында шаһарда арнайы рейдтік тексерістер басталды. Сондай-ақ олардың ісі сот орындаушылары палатасына жіберіледі. Борышкерлердің қатарына биыл тағы 18 мың адамның құжаты қосылған. Мамандардың айтуынша, салық төлемей жүргендердің жұмыс орнына алдымен хабарлама жіберіліп, соңынан есепшоттары бұғатталады. Ал жұмыссыз жүрген азаматтардың қарызын төлету үшін мүлкі тәркіленеді. Мегаполистегі автокөлік саны қазір 400 мыңға жуықтаған. Олардан жыл сайын 6 миллиард теңге салық жиналады.

Ғани Қалмахан


Хабарламаларға жазылу