Рекорд: Париж Олимпиадасына 8,8 млн билет сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рекорд: Париж Олимпиадасына 8,8 млн билет сатылды

22.07.2024

Париж олимпиадасына 8,8 млн билет сатылды. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнелл хабарлады. Оның айтуынша, мұндай сатылым осы уақытқа дейін Олимпиада тарихында болмаған. Бұған дейін ең көп билет 1996 жылы Атлантадағы ойындарға сатылған. Айта кетейік, Париждегі жазғы олимпиадаға 4 күн қалды. Оған Қазақстан атынан 80 спортшы қатысады.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу