Талдықорғанда «Менің Шежірем» байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Менің Шежірем» байқауы өтті

22.07.2024

Талдықорғанда «Ақ отауға-ақ бата» форумы аясында «Менің шежірем» атты облыстық байқау өтті. Бұл шара қазақ жастарын өз жеті атасын жатқа білуге, жалпы қазақтың көне тарихын зерртеуге таптырмас мүмкіндік. Қатысушылар әр рудың шығу тегімен таныстырып, өз білімін паш етті. Бөлінуге емес, бірігуге шақыратын шараға облыстың әр аудан қаласынан 13 пен 18 жас аралығындағы ұл-қыздар қатысты. Үш кезеңнен тұратын сайыста олар тек ата-баба тарихын айтумен шектелмей, ән айту, би билеу, қолөнер шеберлігі бойынша сынға түсті.

Өнербек Қуанған, тарих ғылымдарының магистрі:

«Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер» демекші әрбір ұлттың, әрбір мемлекеттің өзінің тарихы мен өткенін ұмытпай, болашаққа бағдар құра білетін жастардың арасында өткізіп жатқан осы үлкен ісшарамыз елімізді түгендеуде, отан тарихына деген сүйіспеншілікті дамытуда үлкен бір шара деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу