Автокөліксіз бір күн. «Таза Қазақстан» акциясы аясында бүгін «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасын іске асыру үшін осындай челлендж өтіп жатыр. Жоба ауаның ластануын, улы газдардың бөлінуін азайтуға сеп болмақ. Акцияға кез келген адам қатыса алады. Ең бастысы автокөліктің орнына, қоғамдық көлікпен, велосипедпен немесе жаяу жүруі керек. Қатысушылар автокөліксіз өткен бір күнін әлеуметтік желіге жариялап, #Автокөліксізкүн хэштегін белгілей алады.
Аида Ахметбек