Өндірісте ауыр жарақат алғандарға үш түрлі көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өндірісте ауыр жарақат алғандарға үш түрлі көмек көрсетіледі

22.07.2024

Өндірістік ауыр жарақат алған жұмысшыларға 3 түрлі көмек көрсетіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты. Ол үшін арнайы комиссия жарақаттың түрін анықтап, қызметтік тексеру жұмыстары жүргізеді. Соған сәйкес өтемақы соммасы белгіленетінін жеткізді.

Сәрсен Дүйсенов, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің басқарма басшысы:

Бірінші мемлекет тарапынан жәрдемақылар бар, екіншіден әлеуметтік сақтандыру қоры бар министрлікке қарайтын, үшіншісі жұмыс беруші өзі төлеуі керек. Оның көлемі мүгедектіктің группасына байланысты болады. Егер 50 пайыз айырылса, сол бойынша 50 пайыз жалақы төленеді. 

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу