Шымкентте экстремистік ұйым анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте экстремистік ұйым анықталды

23.07.2024

Шымкентте экстремистік ұйым анықталды. Ұлттық қауіпсіздік департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында 22 адам бар «Хизб-ут-Тахрир» радикал-экстремистік ұйымын әшкереледі. Олар «Рамазан» айында «ауызашар» ұйымдастырып, жақтастарының санын көбейту мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. Тінту барысында елде тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы тағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары басталды.

Ғабит Ұзақбай


Хабарламаларға жазылу