Алматы облысында 19 баланы заңсыз оқытқан медресе жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 19 баланы заңсыз оқытқан медресе жабылды

23.07.2024

Алматы облысында 19 баланы заңсыз оқытқан медресе анықталды. Тәжікстан азаматы жеке үйдің аумағында араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолданып, балаларға сабақ берген. Сондай-ақ, тексеру барысында 179 дана діни әдебиет, ұялы телефон мен ноутбук тәркіленіп, тиісті сараптамаларға жіберілді. Кінәлі адам заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады облыстық прокуратура. Ал балалар ата-анасына қайтарылды.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу