Канадада 10 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада 10 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

23.07.2024

Канаданың шығысында орман өрті қаулап барады. Лапылдаған жалынның көлемі өткен тәулікте 16 есеге ұлғайған. Сондықтан Лабрадор қаласында үйлерге қауіп төніп, 10 мыңға жуық адамды эвакуациялауға тура келді. Олар осы аптада баспаналарына оралуы мүмкін. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, жан-жағын тез шарпыған өрт бақылаудан шығып кеткен. Қазір арнайы бригада оны тікұшақтың көмегімен сөндіруге әрекет жасап жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу