Талапкерлер жалған ҰБТ сертификатын тапсырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талапкерлер жалған ҰБТ сертификатын тапсырған

23.07.2024

Мемлекеттік грант конкурсына жалған құжат тапсырған талапкерлер анықталды. 10-нан астам түлек қабылдау комиссияларына Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесін қолдан өзгертіп берген. Мамандар тексеру барысында сертификаттан бірнеше өзгешелік байқаған: құжаттағы QR ашылмаған, ұпай сандары әртүрлі шрифтпен, әртүрлі көлемде жазылған. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері сертификаттарды қолдан жасаған адамдарға шара қолдану үшін құқық қорғау органдарына жолдады. Жалған құжат жасағандар Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Енді грант конкурсының статистикасына да тоқталсақ. Осы уақытқа дейін 101 мыңнан астам талапкер болашақ мамандығын айқындап құжат тапсырған.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу