Демократтардың көбі Харристің президенттікке үміткерлігін қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Демократтардың көбі Харристің президенттікке үміткерлігін қолдады

23.07.2024

Иә вице-президент Камала Харристің қарашада өтетін сайлауға президенттікке үміткер ретінде түсуін қолдап жатқан демократтар қатары көбейіп келеді. АҚШ-тың 46-шы Президенті Джо Байденнің өзі орынбасарын қолдайтынын мәлімдегенімен, оның демократтар атынан ресми түрде үміткер атануы үшін партияластарының дауысын жинау керек. Сонда ғана ол сайлауға түсе алады. Арнамыздың тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Ақ үйдің бас бақылаушысы Фернандо Хессель осылай деді.

Фернандо Хeссель, Ақ үй және Пентагонның бас бақылаушысы:

Америка халқы Трамп пен Байденді қолдайтындар болып бөлінді. Бұл сценарий өзгермейтін секілді. Дауыс берушілер таңдауы нақты бөлінген. Оны өзгерту де мүмкін емес. Байден әкімшілігі Еуразия аймағына, оның ішінде Қазақстанға әрқашан оң көзбен қарайтынын айта кеткен жөн. Камала Харрис те сол бағыттан таймайтына сенімдімін.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу