Үкімет Петропавлға автожол өтпесін салуға 2,9 млрд теңге бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет Петропавлға автожол өтпесін салуға 2,9 млрд теңге бөлді

24.07.2024

Үкімет Петропавлға автожол өтпесін салуға 2,9 млрд теңге бөлді. Премьер-Министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында қаладағы 1961 жылы салынған автожолдың жағдайын көріп, орнына қайта жол төсеу туралы тапсырма берген. Теміржол магистралі қаланы екі бөлікке бөледі. Караванная көшесіндегі автожол өтпесінен күн сайын 16 мыңға жуық автокөлік қатынайды. Аудандар мен облыс орталығы арасындағы жаяу жүргіншілер де осы арамен жүреді. Шаһардағы жол көлік инфрақұрылымын дамыту үшін жалпы 5,9 млрд теңге бөлінді.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу