Ауруханадағы зауыт жұмысшыларының жағдайы әлі де ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауруханадағы зауыт жұмысшыларының жағдайы әлі де ауыр

24.07.2024

Қарағанды ферроқорытпа зауытында зардап шегіп, ауруханаға түскен жұмысшылардың жағдайы еш өзгеріссіз. 5 адам жансақтау бөлімінде. Жағдайлары ауыр. Тағы екеуі интенсивті терепия бөлімінде жатыр. Жұмыс беруші Астанадан, Ресейден дәрігерлер шақыртқанымен, жағдай оңалмай тұр. Сенбі күні зауыттағы пештен жалын атқылап, жанында тұрған 8 жұмыскер күйіп қалды. Барлығына тиісті көмек көрсетілгенімен, денесінің 85 пайызын күйік шалған 31 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу