Қарағанды зауытында қайтыс болған жұмысшының отбасына әлеуметтік көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды зауытында қайтыс болған жұмысшының отбасына әлеуметтік көмек көрсетіледі

24.07.2024

Қарағанды ферроқорытпа зауытында қаза тапқан жұмысшының отбасына, марқұмның 10 жыл көлеміндегі жалақысы мөлшерінде көмек берілмек. Сондай-ақ, тұрғын үй жағдайын жақсартып, барлық несиесін жұмыс беруші толық өтейтін болды. Мұзафар Исмаиловты жақындары бүгін Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылында соңғы сапарға шығарып салмақ. Марқұмның артында екі кішкентай баласы қалды.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу