Атырауда автопарктерге берілген субсидия кері қайтарылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда автопарктерге берілген субсидия кері қайтарылып жатыр

24.07.2024

Атырау қаласы әкімдігі автопарктерге айлар бойы заңсыз субсидия аударып келген. Мемлекетке 50 млн теңге көлемінде шығын келді. Мұны қалалық прокуратура өкілдері тексеріс кезінде анықтады. Атап айтқанда, қала әкімдігінің жауапты бөлімі жолаушыларды тасымалдайтын мекемелердің шығындарын қате есептеп, негізсіз субсидиялаған. Осыған қатысты кінәлілерге сөгіс жарияланды.

Тайбек Құлтаев, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:

Заң бұзушылықтарға жол берген Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы «сөгіс» түрінде тәртіптік жауаптылыққа тартылды және бүгінде негізсіз төленген 32,4 млн теңге қаражат бюджетке кері қайтарылды. Қалған қаражат бөліп төлеу арқылы қайтарылуда.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу