Қостанай облысында тасқын кезінде су шайған лагерь қалпына келтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында тасқын кезінде су шайған лагерь қалпына келтірілді

24.07.2024

Қостанай облысының Денисов ауданында тасқын кезінде су шайған жазғы лагерь қалпына келтірілді. Бұл бір мезгілде 160 балаға дейін қабылдай алатын аймақтағы ең үлкен демалыс орындарының бірі. Тобыл өзенінің жағасында орналасқан. Лагерьді қалпына келтіруге жергілікті бюджеттен 91 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға бір ай ішінде су шайып бүлінген жатақхана корпустары, асхана, ойын алаңдары, аспалы көпір жөнделді. Қайта жаңартылған демалыс орны салтанатты түрде ашылып, алғашқы 154 баланы қабылдады.

Бекарыс Радиков, оқушы:

Мен Қостанайдан келдім. №11 мектепте оқимын. Мен мұнда демалуға келдім. Бұл лагерь маған қатты ұнайды. Мұнда біз түрлі ойындар ойнаймыз, концерттер тамашалаймыз.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу