Париж-2024: Спортшыларымыз тас түйін дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж-2024: Спортшыларымыз тас түйін дайын

24.07.2024

Ұлттық құрама спортшылары төртжылдықтың басты бәсекесіне соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Биыл Париж Олимпиадасына тұңғыш рет әйелдер құрамасынан 3 боксшы қатысады. Сондай-ақ семсерлесуден де ұлттық құрама алғаш рет командалық жарыста бақ сынайды.

2023 жылы Нью-Делиде өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы – Карина Ибрагимова әйелдер боксынан бірінші болып лицензия алған еді. 57 келі салмақ дәржесінде жұдырықтасатын былғары қолғап шебері Олимпиадада осал қарсылас болмайды дейді. Сондықтан тынбай, Олимпиада ауылының ауласында жаттығып жатыр. Оған Қазақстаннан арнайы келген спарринг серіктес қолқабыс етуде.

Карина Ибрагимова, Әйелдер боксынан Қазақстан құрамасының мүшесі:

Спарринг жолдас бізге өте қажет. Мен 30-ы бокстасамын, бастадым. 7 күн бар. Жалпы, денсаулық, көңіл күй жақсы. Дайындық жақсы өтті. Аллаға шүкір бәрі жақсы.

Ал семсершілер Париждегі Олимиада ауылына күні кеше келіп жайғасты. Тоқтала кететін жайт, биыл семсерлесуден Қазақстан құрамасы алғаш рет командалық сында бақ сынайды.

Ерлік Сертай, Семсерлесуден Қазақстан құрамасының мүшесі:

Қобалжу жоқ. Оқу-жаттығу жиынынан келе жатырмыз. Дайынбыз, керемет нәтиже көрсетеміз деп ойлаймыз. Олимпиадада сегіз-ақ команда шайқасады. Ол сегіз команда ең мықтылары. Көреміз енді.

Олимпиадалық қалашықтағы 82 ғимаратқа 206 елден келген спортшылар мен арнайы делегация өкілдері қоныстанған. Оларға 702 бөлме қарастырылған. Айта кету керек, алғашқы жүлделер 27 шілдеден бастап сарапқа салынады.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу