Қарағанды ферроқорытпа зауытында қаза тапқан жұмысшының отбасына, марқұмның 10 жыл көлеміндегі жалақысы мөлшерінде көмек берілмек. Сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартып, барлық несиесін жұмыс беруші толық өтейтін болды. Мұзафар Исмаиловты жақындары бүгін Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылында соңғы сапарға шығарып салды. Зардап шеккен тағы 7 адам ауруханада ем алып жатыр. Бірақ жағдайлары әлі де ауыр.
Жандос Бақытұлы