«Наурыз» ипотекалық бағдарламасымен несие беріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасымен несие беріле бастады

24.07.2024

Бағдарламаға 38 мыңнан астам адам қатысқан. Оның ішінде 12 жарым мың азаматтың өтініші мақұлданды. Бұл ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі әлеуметтік осал топтар үшін 7, өзгелер үшін 9 пайыз. Бастапқы жарна үй құнының 20 процентінен кем болмауы тиіс. Ал қарыз 19 жылға дейін беріледі. Өтінім берушілерге «Отбасы банкінен» депозит ашу мерзіміне талап қойылмайды. Тек шотта 1 млн теңге болуы шарт. Әрі соңғы 5 жылда атында үй болмауы керек.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу