Қарағанды облысында күйік шалған жұмысшылардың үшеуі қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында күйік шалған жұмысшылардың үшеуі қайтыс болды

25.07.2024

Қарағанды ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшылардың 3-еуі ауруханада қайтыс болды. Денсаулық сақтау басқармасы денесінің 90%-ы күйген 25 жасар жұмысшының кеше кешке көз жұмғанын, ізінше түнде тағы 2 жұмысшының жан тапсырғанын хабарлады. 43 және 37 жастағы азаматтардың денесін әр түрлі дәрежеде күйік шалған.

Астанадан және Ресейден келген дәрігерлер барын салғанымен, аман алып қала алмады. Ауруханада тағы 4 науқас жатыр. Екеуінің жағдайы ауыр. Ал, екеуі интенсивті терапия бөлімінде. Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде зауыттың пешінен жалын атқылап, 8 жұмысшы зардап шеккен болатын. Қылмыстық іс қозғалды. Өндіріс орны уақытша жұмысын тоқтатты.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу