Елімізде мультимедиалық-интерактивті кешен қайта ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде мультимедиалық-интерактивті кешен қайта ашылды

25.07.2024

Бурабайдағы мультимедиалық-интерактивті кешен адам танымастай өзгерді. Қазақстандағы ең жоғары технологиялық мұражай жаңғыртудан өтіп, қайта ашылды. Турист көп баратын тарихи орын соңғы анимациялық және аудиовизуалды технологиялармен жабдықталған. Кешен тоғыз тақырыптық аймаққа бөлінген. Әрбір зал бір-бірінен ерекшеленеді. Қонақтар қазақ мәдениетін сезініп қана қоймай, ел тарихымен кеңірек таныса алады.

Сонымен бірге, ол жерде балалардың интерактивті ойындарға қатысуына болады. Кешенге кіру бағасы келушілер үшін қолжетімді, әлеуметтік санатына қарай жеңілдіктер де қарастырылған, - дейді «Бурабай» ұлттық паркінің өкілдері. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Бурабайдың тұмса табиғатын, тарихи-мәдени байлығын көпшілікке таныту – өзекті екенін атап өтті.

Аида Балаева – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Бүгінгі заманауи инновациялық кешеннің ашылуы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды қадамдардың бірі деп есептеймін. Мұнда жастар өңірді ғылыми-шығармашылық тұрғыдан терең зерделеп, рухани кемелденіп, мол тағылым алады деп сенемін. Туристік потенциялдың одан артып, дамуына өзінің септігін тигізеді.


Хабарламаларға жазылу