Франциядағы 33-ші жазғы Олимиадасы ертең басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франциядағы 33-ші жазғы Олимиадасы ертең басталады

25.07.2024

Франциядағы отыз үшінші жазғы Олимиадасы ертең басталады. Ел намысын қорғайтын спортшыларымыз қазір Парижде. Байрақты бәсекеге 80 спортшымыз қатысады. Олар спорттың 25 түрінен 92 лицензия жеңіп алған болатын, Халықаралық Олимпиада комитеті теннисшілерге 1 лизенция қосып берді. Елена Рыбакина мен Александр Булик аралас сында бақ сынайды. Ұлттық арнаның түсірілім тобы да Парижде. Айта кетейін төртжылдықтың басты спорт додасынан 26 мыңға жуық БАҚ өкілі хабар таратады. 

Хабарламаларға жазылу