Қарағанды ферро қорытпа зауытында болған апаттан зардап шеккен 2 жұмысшының жағдайы жақсарып келеді. Олар қазір жалпы бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Ал қалған екі жұмысшының жағдайы әлі де ауыр. Жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер олардың денесін қатты күйік шалғанын айтады. Қазір, Ресей мен Астанадан барған мамандар барын салып емдеп жатыр. Өкінішке қарай, 4 жұмысшы қайтыс болғанын бұған дейін хабарладық. Олардың денесінің 80-90 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер қанша тырысқанымен аман алып қалу мүмкін болмады, - дейді. Ең жасы 25 те.
Берік Төлеубаев, Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматология орталығының басшысы:
Күйік алған науқастардың ішінен 2 науқас жалпы бөлімге ауыстырылды. Жалпы жағдайы жақсы. Көрсетілген ем шараның арқасында шоктан шығарылды. 2 науқас әлі де жан сақтау ьөлімінде. Ем шараны жалғастырып жатырмыз.