Ол Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмасы бойынша жаңғыртудан өтіп, қайта ашылды. Елімізде баламасы жоқ мұражайды әріптесім Асылбек Данияр көріп қайтты.
Бурабай Ұлттық паркіндегі мультимедиалық интерактивті кешен 2021 жылдан бері туристерге қызмет көрсетеді. Биыл нысанның тұжырымдамасы қайта қаралып, сәуірде жаңарту үшін жабылған еді. Арадан ұзақ уақыт өтпей, орталық заман талабына сай жабдықталып, қайта ашылды.
Аида Балаева – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
Бүгінгі заманауи инновациялық кешеннің ашылуы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды қадамдардың бірі деп есептеймін. Мұнда жастар өңірді ғылыми-шығармашылық тұрғыдан терең зерделеп, рухани кемелденіп, мол тағылым алады деп сенемін. Туристік потенциялдың одан артып, дамуына өзінің септігін тигізеді.
Мультимедиалық интерактивті кешен — жай ғана музей емес, онда инновация мен дәстүр ортақ үйлесім тапқан. Орталық күніне 500-ге дейін демалушыны қабылдай алады. Келушілерге кіру бағасы қолжетімді, әлеуметтік санатына қарай жеңілдіктер де қарастырылған.
Бекбол Сағын - ҚР Президенті іс басқармасының «Бурабай даму» ЖШС бас директоры:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1,2,3 топ мүгедектері, «Алтын алқа» және «Күміс алқа иегерлері» бұл жерге тегін келіп, кіре алады. Одан басқа 50 пайыз жеңілдікпен кіретін зейнеткерлеріміз, студенттеріміз және 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған «көпбалалы ана».
Кешен тоғыз тақырыптық аймаққа бөлінген. Әрбір зал ерекшеленеді. Дегенмен Самұрық құсының ұшуы деп аталатын мына аумақта бейнені кескіндейтін бірегей технология бар. Келушілер мұнда Абылай ханның өмірбаянына хабардар болады.
Асылбек Данияр – Тілші:
Бұл аймақ «Батырлар даласы» деп аталады. Мұнда 8 интербелсенді тақта орналасқан. Келушілер өзін батыр сезіне алады. Садақ атады, өзінің шапшаңдығын сынап көретін ойынға қатысады, сонымен бірге батырмен шайқасып, түрлі басқатырмаларды шешіп, пазлдарды құрастырады.
Сәрсенбай Хасенов – Көкшетау қаласының тұрғыны:
Мен мұндайды бірінші рет көріп отырмын. Мынадай нәрсе ғажайып, бұрынғы тарихымызды бүгінгі күнге дейін жинап жеткігеніне таңқалып отырмыз.
Диана Аяшева – Қарағанды қаласының тұрғыны:
Бізге өте қатты ұнап жатыр.Себебі бізді бұрынғы тарихқа үңілтіріп, өте керемет әсер алып жатырмыз. 3Д көріністер болды. Себебі ол жерде шынайы болып 6 қабырғасынан тарихтың бәрін көрсетті.
Ал «Мәңгілік ел» бөлмесінде ру тамғалары көрсетілген. Қонақтар сенсорлы белгіге қолын қойып рулардың қай өңірлерде шоғырланғаны едендегі лэд экрандағы картадан көріп, тарихын біледі.
Асылбек Данияр – Тілші:
«Уақыт дәлізі». Аты айтып тұрғандай мұнда келушілер Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы яғни 1990 жылдан 2024 жылға дейінгі тарихи деректермен таныса алады. 1429 Мультимедиялық-интерактивті кешендегі экскурсия дәл осы жерден аяқталады. Тарих туралы мол мағлұмат алған келушілер Абылай ханның батасын тыңдайды.
Айта кетейін жаңа кешен инвестор есебінен жаңғыртылды. Бурабайдағы мультимедиалық-интерактивті кешен адам танымастай өзгерді.
Асылбек Данияр